Арқалық қаласының прокуратурасы талдау барысында қала тұрғыны қала аумағында бірнеше рет ақбөкен етін заңсыз сатқанын анықтады.
«Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты.
Сот азаматты 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен автокөлікті тәркілеумен экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Үкім заңды күшіне енді.