Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету ел қазынасына қымбатқа түсетін. Себебі мазут бағасы басқаларға қарағанда шарықтап тұр. Шағын қаланың жылдық отын қорын жасау үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард тенгеден астам дотация бөлінетін. Жергілікті жылу орталығын көмірге ауыстыру мәселесі көп жылдан бері шешілмей келген.
«Арқалық қаласын жылумен жабдықтау жүйесі өзгереді. Жылу-энергетикалық орталығын мазут жағудан көмірге көшіру, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұған 7,7 млрд теңге бөлінді. Аталмыш жобада қазіргі жылу-энергетикалық орталығы аумағында көмір отынымен жұмыс істейтін 3 бу және 2 су жылыту қазандығы орнатылады. Бұған қоса жаңа қазандық салу қарастырылған», - деді Архимед Мұхамбетов.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында басталады.