«2020 жылғы 18 сәуірде Арқалық қаласында COVID–19 ауруының бір фактісі тіркелді. Сырқаттанып қалған әйел - Арқалық өңірлік емханасының зертханашысы. Жұқтырудің көзі анықталып жатыр. Қызметіне байланысты індетті жұқтыру тәуекелі жоғары болғандықтан, екі апта карантиндік білімінде жатқызылды, СOVID-19 диагнозы расталғаннан кейін науқас әйел инфекциялық бөліміне ауыстырылды. 14 күн бойы ауруханада емделіп жатты, ешкіммен байланыспады және Арқалық қаласының тұрғындары үшін эпидемиологиялық қауіп төндірмеді. Коронавирустық инфекциясы анықталғандықтан, науқаспен жақын қарым-қатынаста болған барлық медициналық қызметкерлер ауруханаға жатқызылды және тексерілді», - делінген штаб ақпаратында.
Шектеу шараларының аясында Жезқазған-Петропавл тасжолындағы №12 және №13 блокпосттар орнатылды. Сонымен қатар Арқалық-Торғай тасжолында санитарлық пост қойылды.
Бүгінде Арқалықта карантиндік бөлімшеге 11 адам жатқызылды. Олар – Ресей Федерациясынан келген және науқастармен байланыста болғандар. Үй карантинінде – 64 адам, барлығы полиция қызметкерлерінің бақылауында.
Сондай-ақ, комиссия Арқалық қаласында ұсынылған шаралардың сақталуын, оның ішінде ең қажетті өнімдердің бағасын бақылау үшін күн сайын рейд жүргізуде.