Қала әкімі Теміржан Төлеубаев салтанатты жағдайда құқық тәртібі күзетшілеріне - жас қызметкерлер Мұса Құрманғалиев пен Амангелді Нағашыбайұлына машиналардың кілтін тапсырды.
ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Арқалық қаласы ІІБ-ның автотехника паркі бес жаңа машинамен толықты. Төрт автомобиль бюджеттік қаражат есебінен сатып алынды, тағы біреуін «Алюминийстрой» ЖШС басшылығы сыйға тартты.