Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Қостанай облысының криминалдық полиция қызметкерлері Арқалықта 19-21 жас аралығындағы қаланың 5 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, олар қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Оқиға орнынан 200 литр бензин мен 16 келі гербицид ұрланған. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.