Арқалықта мас жүргізуші аялдамаға соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Арқалықта мас жүргізуші көлігімен аялдаманы соғып кетті, дп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
«26 жастағы ВАЗ 2112 автокөлінің жүргізушісі қоғамдық көлік аялдамасына соғылған. Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас болған. Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынды», - делінген полиция хабарламасында.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 20 тәулік қамауға алынуы және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.