«Арқалық - Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған.
«Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ауылына қайта оралды. Құтқарушылар шынжыр табанды тартқыш арқылы «УАЗ» автокөлігімен Арқалық қаласына 11 адамды аман-есен жеткізді»,- дейді департамент өкілдері.
Ашутасты ауылына келе жатқан жолда құтқарушылар қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөлікке көмек көрсетті.
Еске салсақ, жақында Қостанай облысында қар құрсауында қалған 12 балықшы құтқарылған болатын.