Кеше арқан тартыстан орталық аймақтық іріктеу жарысына Астана қаласы, Алматы, Ұлытау облысының командалары қатысты.
Аталған федерация мәлім еткендей, жарыс ІІ кезеңнен тұрады.
І кезеңде аймақтық іріктеу сындарында, ІІ кезеңде аймақтық жарыстардың жеңімпаздары финалдық сында бақ сынайды.
Орталық аймақтың іріктеу кезеңі 13 ақпан күні Астана қаласындағы № 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өтті.
Жарыс нәтижесі:
Ерлер арасында
1-орын — Ұлытау арқарлары командасы
Жүлде: 500.000 тг
2-орын — Барыс -4 командасы Астана қаласы
Жүлде: 300.000 тг
3- орын — Алматы облысы командасы
Жүлде: 200.000 тг
Әйелдер арасында
1-орын — Барыс -3 командасы Астана қаласы
500.000 тг
2-орын — Қара қабылан командасы Астана қаласы
300.000 тг
3-орын — Алматы облысы командасы
200.000 тг
Финалдық тартыс 7 наурыз күні Астана қаласында өтеді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.