«Арқанкерген» шекара заставасында мерт болғандардың аты-жөндері белгілі болды

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» шекара заставасында мерт болған 13 шекарашының аты-жөні:

Батыс Қазақстан облысынан:

Алтынбек Кереев. 1984 жылы Тайпақ ауданы Ақтөбе ауылдық округінде дүниеге келген. Әскери шені - капитан. Шекара бекетінің капитаны болған.

Алматы облысынан:

Ерлан Ақышев. 1988 жылы дүниеге келген. Әскери шені - кіші сержант. Келісімшарт бойынша шекарада азаматтық борышын өтеп жүрген. Алакөл ауданының тумасы.

Талғат Сәрсенбаев. 1984 жылы дүниеге келген. Қатардағы жауынгер. Келісімшарт бойынша шекарада азаматтық борышын өтеп жүрген.

Рүстем Ақылбаев. 1991 жылы дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Қарағанды облысынан:

Нұрлан Мұқашев.  1991 жылы дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Жамбыл облысынан:

Жанат Ілиясов. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Нұржан Үсіпәлиев. Талас ауданының тумасы. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Атырау облысынан:

Мейірхан Именов. Индер ауданында дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Данияр Балғабаев. Мақат ауданының Доссор ауылында дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Жеңіс Сағынғалиев. Құрманғазы ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Бекзат Әмірғалиев. Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Ақтөбе облысынан:

Қамбар Ағанас. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Әли Мақсатов. Ойыл ауданының тумасы.  Мерзімді әскери қызметтегі сарбаз.

Павлодар облысынан шекарада әскери борышын өтеген жауынгердің аты-жөні әзірше белгісіз.