Ең бастысы,ол үшін күніне бірнеше минутыңызды бөлсеңіз жеткілікті: 1. Алдымен арқаңызды кеңінен жазып жатып алыңыз. Қолыңызды желкеңізге қойып, орныңыздан көтеріліп көріңіз. 10 секунд тұрып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. 2. Орындыққа отырып, орындықтың арқасына арқаңызды тигізіңіз. Екі қолыңызды желкеңізге қойып біріктіріп, бар күшіңізбен иығыңызды түзеуге тырысыңыз. 3. Еденге ішіңізбен жатыңыз да арқаңызды алқанмен ұрыңыз. Аяғыңыз бен кеудеңізді көтеріп, 10-15 секунд осы қалыпта тұрыңыз. 4. Тік тұрыңыз да басыңызға кітап қойыңыз. Кітапты құлатып алмай 10 секунд тұрып, бөлмеде кітаппен жүріп көріңіз. Осындай жеңіл жаттығулар арқылы арқадағы бұлшықеттеріңізді нығайтуға болады.
22:36, 17 Желтоқсан 2015
Арқаны тік ұстау үшін қажет жаттығулар - мамандар кеңесі
Бүкірейіп, еңкіш тартып жүру салмақтың көбеюі, омыртқаның қисаюы, остеохондроз, сколиоз сынды ауруларға алып келеді. Сол үшін денені тік ұстауды үйрену қажет, деп жазады anabol.kz.