Арқар атқан аңшылар құрықталды - Қызылорда

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының табиғатты қорғау бөлімі мен «Охотзоопром» ӨБ мемлекеттік мекемесі қызметкерлері бірлесіп құрылған жедел тобы Жаңақорған ауданына қарасты Арқарбұлақ тау шатқалының маңында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген «УАЗ» автокөлігін тоқтатып тексерген.

Тексеру барысында аталған автокөлік ішінен ҚР Қызыл кітабына енгізілген 1 бас арқардың терісі сыпырылған еті алынған. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Автокөлік иесі 1979 жылғы және 1962 жлғы азасматтар Жаңақорған ауданының тұрғындары екендігі анықталды. Сондай-ақ көлік салонынан МЦ 1 үлгідегі аңшы мылтығы мен 3 дана политиленді оқтар айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі уақытта жинақталған құжаттар Жаңақорған АІІБ-не жолданып, күдікті азаматтардың үстінен ҚР ҚК 290-бабымен қылмыстық іс қозғау бағытында тексеру жұмыстары жүргізілуде.