Ресейлік экипаж мінген Arctic Sea кемесін теңіз қарақшыларының басып алу ықтималдығы бойынша Мальтада қылмыстық іс қозғалғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Фин компаниясына тиесілі және Мальта жалауының астында жүзіп келген кеме осыдан екі апта бұрын, Алжирдің Беджаия айлағына бара жатқан жолда жоғалып кеткен еді.
Табылған «Арктик Си» кемесінің экипажы қазір Кабо-Ферде мемлекетіне қарайтын Сал аралына бара жатыр, көп ұзамай олар Мәскеуге ұшып шығады. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі арал мемлекетінің өкіметіне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Ресей Әскери-Теңіз күштерінің «Ладный» кемесі «Арктик Си» кемесін Атлант мұхитында тапты. Экипаж қарулы бақылауда болмаған. Қазір олардың бірнеше аптаға жоғалып кетуі мен белгі бермеуінің себептері анықталуда.