Мұндай деректерді NASA және Колорадо штаты Университетінің жанындағы Ұлттық мұз және қар туралы деректер орталығы келтірген, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Ғарыштан алған түсірілімдерді пайдаланып, америкалық ғалымдар 1 қаңтардағы жағдай бойынша Арктикадағы мұз алаңы 2013 жылмен салыстырғанда сәл ғана азайғанын байқады. Алайда, өткен жылдағыдай ол 1981-2010 жылдарда тіркелген орташа көрсеткіш - 6,22 млн. шаршы метрден әлдеқайда төмен.
Ғалымдар Арктика таяу онжылдықта 13 пайыз мұзын жоғалтқанын айтуда. Бұл үрдіске басты себеп жаһандық жылыну болып табылады. Көптеген мамандардың пікірінше, бұл ауаға көмір қышқыл газының тарауынан туындаған.
Осы тақырыпты зерттеуші ғалымдар Арктикалық кеңес бастамасымен өңірде мұздың бұдан әрі еруі онда тіршілік ететін ақ аю, итбалықтар мен басқа да жануарлардың жоғалып кетуіне әкелетінін бірнеше мәрте ескерткен.