Арктикалық суық жел Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа райының бұзылуына әкеп соғады - 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Арктикалық суық жел 14 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа райының бұзылуына әкеп соғады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, 12-14 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 2-7 градус жылылыққа дейін күрт төмендейді, күндіз 10-15, кей жерлерде 20 градусты көрсетеді. Кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оған қоса 12-14 қыркүйекте Ақтөбе облысында, 13-14 қыркүйекте Қарағанды облысында, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін суытады.

13-15 қыркүйекте түнде Қостанай, 15-16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 0-2 градусқа дейін күн суытады.

Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Қарағанды облысында бірқатар жерлерде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендеп, күн суытады деп күтілуде. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.