Арктиканың адам аяғы тимеген мұзынан пластик табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арктика әлемнің аздаған ластанбаған жерлерінің қатарына енгенмен, онда жауған қардың құрамында пластиктің микроскопиялық бөлшектері бар. Бұны неміс және швейцар ғалымдары анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

ГерманиядағыАльфред Вегенер атындағы полярлық және теңіз зерттеулері институтының жәнеШвейцарияның қар мен көшкінді зерттеу институтының командасы өткізгензерттеулер нәтижесі Science Advances ғылыми журналында жарияланды.

Неміс институтыныңзертханасында шыны құтыларға жиналған үлгілерді зерттей келе, ғалымдар қардыңәрбір литрінен пластиктің оң мыңға жуық микроскопиялық бөлшегін анықтаған.

Бұл – адамАрктикаға келсе де ауамен бірге осы бөлшектерді жұтады дегенді білдіреді.Микропластиктің адамның ағзасына әсері әзірге толық зерттелмеген.

Сондай-ақ,зерттеушілер қардан резеңке және қатты талшықтардың (синтетикалық болуы мүмкін)бөлшектерін тапты.

Жалпы ғалымдар қар суынанкөп микробөлшектерді анықтады. Пластмассадан бөлек онда целлюлоза, қылшықтыңбөлшектері табылды, сондай-ақ, резеңкелі шиналардың, лактар мен бояулардыңбөлшектері болған.

«Біз қандай да бірластануды анықтаймыз деген ойда болдық, алайда микропластиктің осыншама мөлшерібізді таң қалдырды», , - деді экпедиция жетекшісі, профессор Мелани Бергманн.

«Қардағымикропластиктердің басым көпшілігі ауадан түскен болуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар