Бірақ, 33 жыл бойы Жер серігі арқылы түсірілген суреттерге талдау жүргізіліп, Норвегия, Ресей, Гренландия мен Канаданың арктикалық аймақтарында бұл құбылыс айтарлықтай өзгергені анықталды. forskning.no сайтында жарияланған зерттеудің нәтижесі бойынша, оның соңғы бес жылда қарқын алғаны белгілі болды.
«Соңғы бес жылда Арктикадағы өсімдіктердің түсі қоңырқайланған. Бұл дегеніміз - өткен жылмен салыстырғанда, жапырақтарының азайғанын білдіреді», - дейді Норвегиялық табиғи зерттеулер институтының (NINA) «Фрам» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ярле Бьерке (Jarle Bjerke).
Арктикадағы температура жыл бойы нөлден төмен, алайда климаттың өзгеруі салдарынан қысы жұмсара бастаған. Сонымен қатар, солтүстік аймақтарда қар қалың түскен.
Бұндай өзгерістер Гренландия, Ресей, Канаданың жоғарыарктикалық аудандарында, сондай-ақ Шығыс Финнмарктің (Øst-Finnmark) кейбір аудандарында орын алды. Бірақ, ғалымның айтуынша, осындай өзгерістерге Норвегияның солтүстігіндегі басқа да аудандар ұшыраған.