Кеше Астанадағы «Қазақстан» мұз айдынында өткен ақтық кездесуде «арландықтар» атыраулық «Бейбарыс» командасымен күш сынасты. Финалға бірде-бір рет жеңілмей жеткен екі құраманың да жеңіске деген құлшынысы күшті болды. Ойынның қорытындысы - 3:3. Бірақ буллитті соғу кезінде «Арлан» хоккейшілерінің бағы жанды. Есеп - 4:3. Осылайша, Көкшетау қаласының хоккей клубы сегіз күнге созылған қызықты да тартысты ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Екінші орында - «Бейбарыс», ал үшінші орынды «Ертіс-Павлодар» құрамасы қанағат тұтты.
10:22, 29 Тамыз 2012
«Арлан» Қазақстан Кубогы жеңіп алды
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының «Арлан» құрама командасы шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогын жеңіп алды.