«Арландар» мен «Өзбек жолбарыстары» арасындағы айқасқа шығатын боксшылар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана арландары» мен «Өзбек жолбарыстары» командаларының арасында өтетін алдағы жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана арландары» намысын Теміртас Жүсіпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (56 келі), Ділмұрат Мижитов (64 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі), Антон Пинчук (91 келі) қорғайтын болады.

Ал өзбектер сапында Хасанбой Дусматов (49 келі), Абдулхай Шарахматов (56 келі), Ельнур Абдураимов (64 келі), Исроил Мадримов (75 келі), Зухриддин Махкамов (91 келі) біздің боксшыларға қарсы жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетсек, екі команданың боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының екінші айналымында Талдықорғанда кездесіп, 4:1 есебімен «Арландар» жеңіске жеткен болатын.

Ендігі кездесу 1 сәуір күні Өзбекстанда өтеді. Жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. «Хабар» арнасы бұл шараны тікелей эфирде көрсетпек.