АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - «Астана арландарының» тағдыры алдағы екі аптада шешілуі тиіс. Астанада өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу сынынан кейін бокс шенеуніктері бас қосып, «арландардың» болашағын шешуі тиіс.
Бұл туралы «Аламан» порталына «Астана арландарының» бұрынғы директоры Болат Манкенов мәлімдеді.
«Алдағы уақытта бокс федерациясында жиналыс өтпек. Бұл жиынға Тимур Құлыбаевтың өзі келіп қатысады. Сол жерде «Астана арландарының» биылғы маусымы қорытындыланып, болашағы айқындалады», - деді Манкенов порталға берген сұхбатында.
Арнайы өтер жиында жаңа басшылық һәм бапкерлер мәселесі және құрамы сынды мәселелер қаралуы тиіс.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.