Жекпе-жек 12 мамыр күні Қытайда М-1 Challenge 91 турнирінде өтуі тиіс болған, бірақ виза мәселесіне байланысты ұйымдастырушылар айқасты 24 мамырда Санкт-Петербургте өтетін келесі турнирге ауыстыруды жөн деп тапқан.
Еске салайық, биыл ақпанда Арман Әшімов финдік боксшы Микаэль Силандэрді нокаутпен жеңіп, ұйымның уақытша чемпионы белбеуін қанжығасына байлады.