Арман Евниев ҚР АШМ жауапты хатшысы қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арман Евниев Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Елбасының Өкімімен Арман Қайратұлы Евниев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», - делінген таратылған хабарламада.