Арман Кенжеғалиев «Азаматтарға арналған үкіметті» басқарады

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкіметтің» жаңа төрағасын таныстырды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып Арман Кенжеғалиев тағайындалды.

Арман Шоқанұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін және Шеффилд университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі-экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.

2002-2003 жылдары «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт"АФ құқықтық жұмыс бойынша бас маманы болып жұмыс істеді.

2003 — 2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2012 — 2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, кеңесшісі қызметінде істеген.

2017 — 2018 жылдары — ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.

2018 — 2020 жылдары — директордың орынбасары; ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры.

2020 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.

2021 жылғы 26 мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы.