Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы ЦДИАӨМ аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Kazinform Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Арман Кенжеғалиев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін, Шеффилд университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.
ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.
2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.