АСТАНА. KAZINFORM — VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегілік спортынан Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
Бұл турмалы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.
Бүркіт бәсекесінде Қошқаров Арман шеберлігі мен тәжірибесін көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы медальдар қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Еске салайық, мұның алдында самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында алтын жүлде жеңіп алғанын жазған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.