Арман Рысбек қарсыласын нокаутқа түсірді
11:52, 25 Наурыз 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Арман Рысбек (2-0, 1КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Арман Рысбектің қарсыласы «Чудо» (Maravilla) деген атпен танымал болған 27 жастағы аргентиналық Хонатан Эзекиель Агирремен болды. Қазақстандық боксшы Агиррені нокдаунға жіберіп, кейін нокаутқа түсірді, осылайша кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Еске салайық, қазақстандық Буэнос-Айрестегі екінші жекпе-жегінде 27 жастағы аргентиналық Виктор Леонардо Лотоны (0-1-1) судьялардың бірауыздан шешімімен жеңген еді.
Сондай-ақ, ол алғашқы жекпе-жектен кейін-ақ әлемдік рейтингке енді.