Бірінші раундтан бастап, Арман Рысбек бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымен, қарсыласының қорғанысы сыр білдірмейтін көрінген. Терашвилидің тынымсыз шабуылдан мазасы кеткен болуы керек. Ұрымтал сәттердің бірінше ашылып, соққы жасар кезде Арманның ауыр соққысы оған тура тиді. Сандро ауыр соққыдан тұра алмай қалды.
Арман Рысбек осылайша кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Шаршы алаңдағы үшінші нокауты отандасымыздың кәсіпқой бокста болашағы зор екенін байқатады. Терашвили болса, өз өміріндегі алты айқастың екеуінде қарсыластарына есе жіберіп алды.