Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды
14:21, 11 Желтоқсан 2023
Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арман Балтабайұлы — телевизия саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі маман.
Әр жылдары «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, «24KZ» арнасының шеф-редакторы, директоры, бас продюсері, «EL ARNA» телеарнасының директоры болып қызмет атқарған.
Интернет жобалар саласында да еңбек еткен.