Арман Шораев қамауға алынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Арман Шораев қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Арман Шораевқа қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

«Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан. Ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген» делінген хабарламада.

Арман Шораев Қарағанды қаласының аумағында ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.