Армен Джигарханяннің жағдайы ауыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Склифосовский атындағы жедел жәрдем ҒЗИ-не жеткізілген актер Армен Джигарханяннің денсаулық жағдайы ауыр деп бағалануда.

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деп келтіреді агенттіктің анықтама қызметінің хабарламасын РИА Новости.

Бұған дейін Джигарханяннің зайбы Виталина Цымбалюк-Романовская актердің ауруханада жоспарлы емдеуде жатқанын хабарлаған болатын.