Армен Саргсян кандидатурасына 90 депутат дауыс беріп, 10-ы қарсы болған.
«Дауыс беруге 101 депутат қатысты. Жәшікте 101 бюллетень болды, соның біреуі жарамсыз деп танылды. Осылайша, Армен Саргсян республика президенті болып сайланды», - дейді Ұлттық жиналыс уақытша есеп комиссиясының төрағасы Гагик Меликян.
Фото:novostink.ru