Армения 4 айға карантин жариялады

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аrmenpress сайтына сілтеме жасап.

Армения үкіметінің шешімімен 2020 жылдың 11 қыркүйегі сағат 17:00-ден 2021 жылдың 11 қаңтары сағат 17:00-ге дейін бүкіл ел бойынша карантин жарияланды.

Мәлім етілгендей, ел Үкіметі бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал күрделі болып қалып отырғанын, Армения Республикасында індет кеңінен таралғанын, сондай-ақ ДДҰ-ның коронавирустың екінші толқыны жөніндегі ескертуін назарға ала отырып, алдын алу шараларын өткізу және халық денсаулығын қорғау мақсатында осындай шешім қабылдаған.

«Бұл шешім жарияланған сәттен бастап күшіне енеді», – делінген хабарламада.