Дүйсенбі күні 102-ші ресейлік әскери база орналастырылған Гюмри қаласында бір жанұяның мүшелері автоматпен өлтірілген.
Бұл қылмысты жасады деп Ресейдің әскери базасының сарбазы Валерий Пермяков күдікке алынған. Ол 12 қаңтарда өз бетінше әскери бөлім аумағынан шығып кеткен.
Келесі күні сарбаз армян-түрік шекарасынан заңсыз өтуге әрекеттенген кезінде ұсталды.