Жылдық өсіммен алғанда Армения халқының саны 27 мың адамға көбейді. Ел халқының 1 млн 974 мыңы қалада тұрады, 1 млн 109 мың адам ауылдық жерлерге қоныстанған.
Тұрғындар ең көп шоғырланған жер – ел астанасы Ереван. Онда 1 млн 143 мың адам тұрады. Бұл ел халқының 37,1 пайызы.
Әкімшілік аудандардың ішінде халық тығыз орналасқан жер 150,3 мың халқы бар Малатия-Себастия болып қалып отыр, ал халық ең аз орналасқан жер – 11,2 мың адамдық Нубарашен елді мекені.
Республика өңірлерінің ішінде халқы ең көп облыс – Котайк (294,9 мың), халқы ең азы Вайоц Дзор облысы болып отыр, мұнда 49,4 мың халық қоныс тепкен.
Осыған дейін Қазақстанда халық саны 20 095 963 адамға жеткені туралы жаздық.