Армения - Қазақстан матчына қазылық жасайтын төрешілер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Армения - Қазақстан матчында қазылық жасайтын төрешілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш ойынның бас төрешісі қызметіне македониялық Александр Ставрев белгіленді. Оған қапталдан отандастары Марьян Кировски мен Деян Костадинов көмектеседі. Қосалқы қазы - Деян Якимовски.

Естеріңізге сала кетсек, Армения мен Қазақстан арасындағы матч 26 наурыз күні Ереванда өтеді.

Астана уақытымен сағат 22:00-де басталатын ойынды  «Kazsport» арнасынан көруге болады.