В. Минасян Қостанайға келіп, «Тобыл» - «Қайрат» кездесуін өз көзімен қарап кетті. Осыдан соң ол аймақ басшысымен кездесті. Тараптар барлық мәселелер бойынша өзара келісімге келді. Бұған дейін Вардан Минасян шетелдік командалармен жұмыс жасап көрмеген, ол өз отанындағы клубтарды және Армения құрамасын жаттықтырды.