АСТАНА. KAZINFORM – Армения мен Түркия дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келді. Тиісті шешім екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесі аясында тағайындалған арнайы өкілдердің келіссөздері барысында қабылданған, деп хабарлайды Panarmenian.net.
Арменияның Сыртқы істер министрлігі дайындаған жоба негіздемесіне сәйкес, тараптар өзара негізде мемлекеттік баж алынбайтын электрондық визалар беру жөнінде уағдаласқан. Бұл өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мәліметке сәйкес, электрондық виза 21 күнге дейінгі мерзімге беріледі және тек дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт иелеріне ғана қолданылады. Визалық алым мөлшері нөл пайыз болып белгіленген.
Бұған дейін Арменияда «Трамп бағыты» жобасының құрылысы қашан басталатыны хабарлаған болатын.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.