Армения «Трамп бағыты» жобасы құрылысының басталу мерзімін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Құрылыстың басталуын қарастыратын «Трамп бағыты» жобасының (TRIPP) практикалық кезеңі 2026 жылға белгіленген, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Армения назвала сроки начала строительства «Маршрута Трампа»
Фото: asiaplustj.info

Армения сыртқы саяси ведомствосының нақтылауынша, республика «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу үшін Трамп бағыты» жобасының құқықтық базасы мен реттеуші тетіктерін әзірлеу бойынша америкалық тараппен белсенді келіссөз жүргізіп жатыр.

СІМ сондай-ақ армян-америкалық бірлескен кәсіпорын – TRIPP Company Арменияда тіркелетінін хабарлады. Компанияға теміржол және автомобиль жолдары, мұнай және газ құбырлары және талшықты-оптикалық байланыс желілері сияқты қажетті инфрақұрылымды дамытуға өкілеттік беру жоспарланып отыр. 

Жобаның аймақтық байланысты нығайтуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық бастамалар тұжырымдамасына сәйкес келетіні атап өтілді. Олардың арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (TХКБ, «Орта дәліз») және «Парсы шығанағы – Қара теңіз» халықаралық көлік дәлізі бар. 

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламент отырысында елдегі TRIPP теміржол бағытының құрылысы 2026 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Армения АҚШ-пен бірге TRIPP бағытын жалға алу мерзімін талқылағанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар