Армения АҚШ-пен бірге TRIPP бағытын жалға алу мерзімін тақылап жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - Ереванда өткен «Әлем қиылысы: аймақтық коммуникациялар мен ынтымақтастықты дамыту» атты халықаралық конференцияда Армения премьер-министрі Никол Пашинян TRIPP көлік бағыты бойынша жалға алудың екі мүмкін сценарийін жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Пашинян намерен участвовать в парламентских выборах Армении
Фото: facebook.com/nikol.pashinyan

Үкімет басшысының айтуынша, екі жалға алу нұсқасы қарастырылып отыр: 99 жылдық немесе 49 жылға жалға алу.

-Бүгін TRIPP бағыты бойынша екі жалға алу сценарийі талқыланды: 99 жылдық және 49 жылдық сценарий. Бұл жалға алу шарттарының негіздемесі қандай? Онда инвестициялар салынады және инвестордың кіріс мөлшерлемесінен белгілі бір кепілі болуы керек. Егер біз бұл жерді бес жылға жалға береміз десек, ешкім инвестиция салмайды, себебі инвестицияны бес жыл ішінде қайтару мүмкін емес, - деді Пашинян.

Премьер-министр талқылаулар тек қаржылық және экономикалық сипатта екенін және ешқандай саяси құрамдас бөлікті қамтымайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ Арменияда TRIPP жобасын жүзеге асырудың алғашқы қадамы нормативтік базаны құру екенін де атап өтті.

-Еске сала кетейін, бұл базаны құрудың бірінші кезеңі - жалпы базаны белгілейтін Вашингтон декларациясы. Келесі кезекте Армения мен Америка Құрама Штаттары арасында бірлескен кәсіпорын құрылады және компанияны басқару үшін директорлар кеңесі құрылады. Армения мен АҚШ директорлар кеңесінде өкілдік етеді, ал директорлар кеңесіндегі акцияларды бөлу, әрине, қазіргі уақытта талқыланып жатқан үлестік қатысуға байланысты болады. Дегенмен, стратегиялық маңызды мәселелер бойынша Армения шешуші дауысқа ие болатынын атап өту маңызды, - деді Пашинян.

Бұған дейін Арменияда TRIPP бағытының құрылысын бастау мерзімі белгіленгені туралы хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар