Пашинянның кандидарурасына 59 депутат дауыс берген. Оған премьер қызметіне сайлану үшін парламентшілердің 53 дауысы қажет болған.
Пашинян осы лауазымға ұсынылған жалғыз үміткер болды. Бұрынғы премьер Серж Саргсян оппозиция жақтастарының жаппай митинг жасауынан кейін, отставкаға кетті. Наразылық акциялары басқарушы парламенттік коалицияның ыдырауына соқтырды.