Армения Премьер-Министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Үкіметінің басшысына құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, қазақ-армян ынтымақтастығын екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да дамытуды жалғастыруға ниетті екенін айтты.