Армения премьері отставкаға кететін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Премьер-министрі Овик Абрамян өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы бейсенбі күні республика үкіметінің отырысында хабарлады.

«Мен отставкаға кетіп, президентке жаңа үкімет құруға мүмкіндік бергім келеді», - деді Абрамян.

Атқарылған жұмыстарды айта келе, Абрамян өзі басқарған үкіметтің тың идеяларды талқылайтын кез-келген диалогқа ашық болғанын атап өтті, деп хабарлады ресейлік ТАСС агенттігі.

58 жастағы Овик Абрамян 2014 жылдың 13 сәуірінен бері үкімет төрағасы лауазымында қызмет етті. Ол ел президенті Серж Саргсян басқаратын Армения республикалық партиясының төраға орынбасары.