Армения президенті Ресейге мемлекеттік сапармен барады

СКЕУ. 24 қазан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Дүйсенбі күні Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Армения Президенті Серж Саргсян саяси диалог және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болашағын талқылайды.

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, «23 - 25 қазан аралығында РФ Президенті Д. Медведевтің шақыруымен екіжақты қарым-қатынастың тарихында алғаш рет Армения Президенті С. Саргсян Ресейге мемлекеттік сапар жасайды».

Сапар бағдарламасы бойынша Армения Президенті С. Саргсян РФ Президенті және үкімет өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, Федерация Кеңесі және Мемлекеттік дума өкілерімен кездеседі, сондай-ақ М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне барады деп жоспарлануда.

Келіссөздер барысындағы маңызды тақырыптардың бірі Таулы Қарабахтағы жағдай болмақ.