Азаттық радиосы Армян қызметінің хабарлауынша, оқ 63 жастағы саясаткердің иығынан тиген, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қылмысты тергеу шараларын бастады.
Кеңес одағы тұсында Паруйр Харикян тыйым салынған саяси ұйымда болғаны және рұқсат етілмеген газет шығарғаны үшін 11 жылын лагерьде өткізген. Сарапшылар оны алда болатын сайлаудағы басты қарсыластардың бірі деп санайды.
Армян саясаткерлерінің көпшілігі, оның арасында премьер-министр Тигран Саркисян да ауруханаға барып, оның жағдайын білді. Премьер саясаткерге жасалған қастандықты айыптады.
09:03, 01 Ақпан 2013
Армения президенттігіне үміткерді атып кетті
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидаттардың бірі - Паруйр Харикянді Ереванның орталық көшелерінің бірінде белгісіз біреу атып кетті. Саясаткер жараланып, ауруханаға түсті.