Армения ШЫҰ-ға қосылуға өтініш берді

Фото: rus.sectsco.org

АСТАНА. KAZINFORM — Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болуға ресми түрде өтініш берді. Бұл туралы Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

– Иә, Армения ШЫҰ-ға мүшелікке өту үшін өтініш берді. Бұл біздің теңгерімді сыртқы саясатымызға сай келеді. Бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастыра береміз, – деді үкімет басшысы.

Айта кетейік, ШЫҰ-ның кезекті саммиті Қытайда 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 20 елдің басшылары мен 10 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.

Бұған дейін Армения Еуропалық одаққа мүшелік туралы келіссөз жүргізбейтінін және Брюссельмен бұл мәселені талқыламайтыны хабарланған болатын.