Армения «шулы» көліктерге қатысты ережелерді катаңдатты
АСТАНА. KAZINFORM — Армения парламенті «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға және Армения Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзету енгізу жобаларын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Құжаттар көліктерге қосымша күшейткіштер мен дауыс зорайтқыштар орнатуға тыйым салады.
Заң жобасына сәйкес, оларды қабылдау қосымша күшейткіштер мен дауыс зорайтқыштар арқылы ойналатын қатты музыка, сондай-ақ қайта жабдықталған немесе қосымша дыбыс өшіргіштерден шыққан шу қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жүргізушілерге дыбыстық сигналдарды, соның ішінде шұғыл қызметтердің ескертуін естуіне кедергі келтіретініне байланысты болып отыр.
Бастаманың бірлескен авторы, Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян бұған дейін полиция қосымша дауыс зорайтқыштар немесе сигнал беру құрылғылары бар көліктерді тәркілейді деп мәлімдеген.
Сонымен қатар тәртіп бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынады.
Осыған дейін Арменияда Еуропалық саяси қауымдастық саммиті өтетіні белгілі болды.