Армения ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесіне ие болды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Шанхай ұйымының Хатшылығында Армения Республикасына ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесін беру туралы Меморандумға қол қою шарасы өтті.

Құжатқа ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов пен Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян қол қойды.

«Армения Республикасына ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесін беру туралы Меморандумға қол қою Армения мен ШЫҰ өзара ықпалдастығына құқықтық негіз салып отыр. ШЫҰ заманауи қауып-қатерлерге қарсы тұрудағы, экономикалық, іскерлік, гуманитарлық ықпалдастық көкжиегін кеңейтудегі ұжымдық талаптардың тиімділігін дәлелдеп келеді», - деді Э.Налбандян.

«ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесі Арменияға ұйымның көп жоспарлы және сан қырлы қызметіне белсенді тұүрде қосылуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ШЫҰ Бас директоры.

Ол меморандумға қол қоюмен ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің Уфа шешімін (Камбоджа, Әзербайжан, Непал, Арменияға серіктес мәртебесін беру) жүзеге асыру аяқталып келе жатқанын атап өтті.