Тиісті құжат 20 тамызда өткен Армения үкіметі отырысының күн тәртібіне «Армения Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы» тармақ бойынша енгізілді. Бағдарламаның жобасы, негіздемесі және осы тармақтың қосымшасы ресми электрондық үкімет порталында жарияланды.
Бағдарлама жобасында Армения мен Түркия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату, Армения-Түркия шекарасын ашу және «кем дегенде екі заманауи шекара өткелін» пайдалануға беру, сондай-ақ көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды қайта іске қосу, екіжақты сауда қатынасын дамыту жоспары көрсетілген.
Алайда құжатта қандай шекара өткелі пайдалануға берілетіні жоспарланғаны немесе оларды іске қосудың нақты мерзімі көрсетілмеген. Армения мен Түркия арасындағы құрлық шекарасы қазіргі уақытта арнайы келісім болмаса, үшінші ел азаматтары мен жүк тасымалы үшін жабық.
Армения мен Түркия 2022 жылдан бері қарым-қатынасын қалыпқа келтіру бойынша келіссөз жүргізіп келеді, шекараны ашу және көлік байланысын қалпына келтіру мәселесі қаралып жатыр.
Бұған дейін Армения Әзербайжанмен екіжақты сауда-саттықты жандандыратынын хабарладық.