Құжатта стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған негізгі шаралар, олардың орындалу мерзімі, жауапты тұлғалар мен жоспарлы бюджет көлемі қамтылған.
- Жоспарланған реформалар «Шынайы Армения» идеологиясына негізделген және сайлау кезінде азаматтарға біреліген уәделерді орындауға бағытталған. Бекітілетін жобалар үкімет бастамасымен жүзеге асқан 2021-2026 жылдарға арналған реформалардың заңды жалғасы болмақ, - деді вице-премьер.
Бағдарламаға 6 негізгі бағыт бойынша 733 шара енгізілген. Олардың қатарында сыртқы саясат, қауіпсіздік, адами капитал, халықтың әл-ауқаты, экономикалық трансформация және инфрақұрылым саласын жетідіру сияқты міндеттер бар.
Мгер Григорянның айтуынша, іс-қимыл жоспарында Армения мен Әзербайжан арасында орнаған бейбітшілікті нығайту, TRIPP жобасын тиімді жүзеге асыру және Еуропа Одағымен визалық талаптарды жеңілдету мәселелеріне аса көңіл бөлінген.
Сонымен қатар ел үкіметі жыл сайынғы экономикалық өсімді орта есеппен 6 пайыз деңгейінде сақтау, 125 мың жаңа жұмыс орнын құру және отандық тауарлар экспортын кемінде 2 есе арттыруды көздеп отыр.
Еске салайық, таяуда Армения премьер-министрі Никол Пашинян TRIPP жобасын жүзе асыру аймақтағы өзара көлік байланысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарты жылда Армения экономикасы 6 пайызға өсті.