Армения ҰҚШҚ елдеріне бас хатшыны алмастыру жұмыстарын бастауды ұсынды

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерге Бас хатшыны ауыстыру жұмыстарын бастауды тапсырды. Бұл туралы Арменпресс агенттігіне АР СІМ баспасөз хатшысы Тигран Балаян хабарлады.

«Бұл ішкі мәселе және Армения арапынан тергеліп жатқан қылмыстық іске Армения азаматы тартылды. Бұл ретте әңгіме ҰҚШҰ-ның жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету мен ұйымның беделіне маңыз беріп, Бас хатшының қызметін атқарып отырған адам туралы болғандықтан Армения ҰҚШҰ елдеріне Бас хатшыны ауыстыруды ұсынды. Армения өзінің ҰҚШҰ-ның қуатын арттыру мен нығайту жөніндегі міндеттемесіне берік және алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарға белсенді атсалысуын жалғастыра береді»,-деді ол.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканянмен телефон арқылы әңгіме барысында Юрий Хачатуровқа айып тағылғаннан кейін оның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы өкілеттігін тоқтату процедурасы туралы айтып берді. Бұл туралы сенбі күні Ресейдің Сыртқы істер ведомствосы таратқан комментарийде айтылған, деп хабарлайды ТАСС.

Айта кетейік, Арменияның тергеу қызметі бейсенбі күні ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы, генерал-полковник Юрий Хачатуровқа 2008 жылы Конституциялық тәртіпті бұзды деген айып тағып, тұтқынға алу шарасын қолдану туралы сотқа жүгінді. Ал, ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы болса, өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты. Сот Хачатуровты сенбі күні таң ата 5 млн драм кепілақы төлеуіне байланысты ешқайда шықпау туралы қолхат алып, қамаудан босатты.