Армения Үндістаннан көп қару сатып ала бастады

Фото: Фото: Арменпресс

АСТАНА. KAZINFORM — Армения Үндістан қаруын ең көп сатып алушы елге айналды. Бұл туралы Үндістан Қаржы министрлігінің ел парламентіне ұсынған есебіне сілтеме жасаған IADN үнділік ақпараттық агенттігінің X микроблогында айтылған, деп хабарлайды Арменпресс. 

Үндістан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 2024-2025 қаржы жылында Армения жалпы көлемі 600 миллион долларға Үндістанда жасалған қару-жарақ сатып алған.

2021 жылдан бастап Армения Үндістаннан зымырандар, артиллериялық жүйелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және басқа да қару-жарақ сатып алды.